«Таза Қазақстан»: қарағандылықтар Федоров су қоймасының жағалауын тәртіпке келтірді

«Таза Қазақстан»: қарағандылықтар Федоров су қоймасының жағалауын тәртіпке келтірді

Белсенді жастар мен эко еріктілер жүгіруге қатыса отырып, Федоров су қоймасының аумағын тазартты. Қарағандыда плоггинг-жүгіру өтті. Ол қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын 100 қала тұрғындарын біріктірді.

– Біз экологиялық бастамаларды әрдайым қолдаймыз және бұл жарыс қала тұрғындарымен бірге табиғи аймақтарды тазартудың тамаша мүмкіндігі болды. Баршаны осындай шараға қатысуға шақырамын, өйткені табиғатқа қамқорлық – біздің болашаққа деген жауапкершілігіміз, – дейді Отбасын қолдау орталығының директоры Якуб Жамалов.

Плоггинг-жүгіру спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар маңызды экологиялық акция: оған қатысушылар экожүйенің маңызды элементі және қала тұрғындарының танымал демалыс орны саналатын Федоров су қоймасының жағалау жиегін тазалап, қоқыс жинады.

– Федоров су қоймасы – бұл тек су көзі ғана емес, қала экожүйесінің маңызды нысаны. Бүгін біз бірлесіп қаламызды тазартып, табиғатты салауаттандырдық. Бұл шара әркімге планетамыздың тазалығын сақтауға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді, – деп атап өтті эко ерікті Газиз Зулхарнай.

Жүгіру Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға...