"Дәрігерлерді ардақтайық!" акциясы ұйымдастырылды

"Дәрігерлерді ардақтайық!" акциясы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «30 игі іс» марафоны шеңберінде «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, «Мирас» Бастауыш партия ұйымының төрағасы Сүлейменов Лазиз Низамханұлының қолдауымен қаламыздың жастары медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясын өткізді, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz.

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы: акцияның басты мақсаты - ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, оларға қолдау көрсету.

Жалпыұлттық акция аясында

иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған 50-ден аса денсаулық себеттерін дайындалды.

Аталмыш акция дәрігерлердің ерлікпен пара-пар еңбектеріне алғыс білдіру мақсатында қаламызда 7-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Сонымен қатар пандемиямен күрес жолында жүрген әрбір ақ халатты абзал жандарды марапаттау және акцияны қала көлемінде ауқымды түрде қамтып, барлық медицина орталықтарында, ауруханаларда өткізу жоспарлануда.

Бүкіл әлемді індетімен жайлаған пандемиямен күрес кезінде әрбіріміздің жақындарымыздың өміріне араша түскен медицина қызметкерелеріне айрықша алғысымызды білдіреміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...