Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамдық қабылдауда қолдау көрсетілді

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қоғамдық қабылдауда қолдау көрсетілді

Бүгін "Nur Otan" партиясы Әл-Фараби аудандық филиалында "Кедергісіз келешек" партиялық жобасының республикалық акциясына сәйкес, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бырыңғай тақырыптың қабылдауы» өткізілді, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Қабылдау барысында азаматтардың барлық мәселелері тыңдалып, тиісті өтініштер мен шешімдер қабылданды.

- Исмаилова Л. Баласы Эльмурад БЦП I топ мүгедегі. Мүгедек арбасына мұқтаж. Арбаға мұқтаж жанға "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен көмек көрсетілді.

- Жүзей С., БЦП мүгедегі. Анасы баласына планшетке қаражаты жетпейтінін айтып, көмек беруін сұрады. "Mobil Plus Көмек" Қайырымдылық қоры есебінен планшет сыйға тартылды.

- Айбек П.Қ.32 жастағы I топ мүгедегі.

Өзінің жұлын жарақатына байланысты, арнайы матрасқа мұқтаждығын жеткізді. Өтініш иесіне "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен көмек көрсетілді.

- Есенбай А.Б. 10 жасар бүлдіршінге анасы

балдақ сұрап өтініш білдірген. "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен көмек көрсетілді.

- Алтаева Н. I топ мүгедегі. Оған электронды тонометрмен көмек көрсетілді.

Осылайша, бүгінгі қоғамдық қабылдау барысында Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының шеңберінде азаматтардың сұраныстарына жедел және тиімді жауап берілді.

Халықтың талап-тілегінің қанағаттандыруға ықпал етіп, акцияға демеушілік көрсеткен Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Н.А.Керимбаеваға алғыс білдіреміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...