Түркістан: қабылдауда сан түрлі мәселелер тыңдалды

Түркістан: қабылдауда сан түрлі мәселелер тыңдалды

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс әкім Нұралхан Көшеров  пен оның орынбасарлары халық үніне құлақ асып, мәселелерді оңтайлы шешу бағытында жұмыс атқаруда.

Бүгін «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті рет жеке қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға келген тұрғандар сан алуан мәселені көтерді. Олардың басым бөлігі, мәдениет, ішкі саясат, спорт салаларына қатысты болды. Атап айтсақ,  спорт кешені мен мәдениет ошағын салу, асыл тұқымды  мал шаруашылығын дамыту және арнайы  көрме ұйымдастыру,  сондай-ақ  тағы басқа әлеуметтік мәселелерді көтерді. Одан бөлек мәдениет үйіне қатысты түйткілдерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...