Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес
маусым айында өтетін сессияда облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының есебі тыңдалады. Осыған байланысты облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың өкімімен уақытша депутаттық комиссия құрылды. Уақытша комиссия аталған басқармаға қарасты екі мекемеде болып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Мекемелердің жұмысымен танысуға облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов, облыстық мәслихаттың депутаттары Қайрат Салыбек, Бахыт Басымбек, Инара Намазбаева, Талғат Садуов барды.
Түркістан облыстық жинақтау бекеті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін және әскери құрылымдарды жасақтауға Түркістан облысының барлық аудандарынан 18 - 27 аралығындағы жасөспірімдерді мерзімді әскери қызметке азаматтарды толықтырады.
Облыстық жинақтау бекетінің жаңа ғимараты барлық санитарлық және өрт қауіпсіздік нормаларға сәйкес жабдықталған, бір күнде 100 адамға дейін әскерге шақырылушыларды қабылдауға мүмкіндігі бар.
Аталған ғимаратта жатын орындар, психологиялық тест өткізуге арналған бөлме, Тәрбие және ақпараттық бөлме теледидармен қамтамсыз етілген.
Асхана бөлмесі барлық керек жарақтармен, медициналық комиссия құрамының бөлмелері, әскери бөлім өкілдеріне арнайы жабдықталған бөлмелер қарастырылған.
Ғимаратта интернет желісі толықтай қамтылған, темір жол станциясына әскерге шақырушыларды шығарып салу үшін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Әскерге шақырушыларды флюрографиялық тексеруден өткізу үшін жылжымалы рентген аппаратымен жабдықталған. 2024 жылы Қарулы Күштері мен әскери құрылымдарды жасақтауға 5000 адамға жуық әскерге шақырылушыға тапсырыс берілген.
Депуттарға мекемені аралау барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Аталған мәселелерді халық қалаулылары алдағы тұрақты комиссияда талқылап, сессияда қарайтын болады.