Қаржы министрі Мәди Такиев Солтүстік Қазақстан облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, ведомство басшысы өңірдегі негізгі жобалардың іске асыру барысын бағамдады

Қаржы министрі Мәди Такиев Солтүстік Қазақстан облысында болып, бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, ведомство басшысы өңірдегі негізгі жобалардың іске асыру барысын бағамдады

Министр «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағының аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесуде инженерлік желілерді салу бойынша мердігерлік ұйымдар басшыларының есептері тыңдалды. Отандық және шетелдік инвесторлар АЭА-да жаңа өндірістер салу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазір 3-субаймақта нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыт, тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорын, көтеру-тасымалдау жабдықтары мен көпір крандары зауыты, сол секілді саңырауқұлақ фермасы мен компост дайындайтын зауыт салынып жатыр. Айта кету керек, жаңа өндірістерді іске қосу үшінинженерлік инфрақұрылымның болуы маңызды.

Тұтастай алғанда, 3-субаймақта Италия, Қытай, Ресей және Германиядан капитал тарта отырып, жалпы сомасы 105 млрд теңгеге 16 перспективалы инвестициялықжобаны іске асыру жоспарланған. Осы жобалар арқылы1,7 мың жұмыс орны ашылады деп көзделген.

Бұдан бөлек министр YDA Group компаниясы салып жатқан көпсалалы облыстық аурухананың құрылыс барысымен танысты. Бұл халықаралық стандарттарға сай келетін өңірдегі бірінші жоғары деңгейлі аурухана болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...