Елордада «Жаттығу» жобасы қайта жанданды

Елордада «Жаттығу» жобасы қайта жанданды

Астанадағы Триатлон саябағында «Жаттығу» жобасы қайта жанданды. Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан жобаның мақсаты — жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеп, саламатты өмір салтын қалыптастыру. Бүгінде бұл бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған жас қосылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба — айналаны көркейтуге, қоғамда пайдалы іспен айналысуға ниетті жастарға арналған қозғалыс. Ел жастары аулаларды тазартып, спорт алаңдарын қалпына келтіріп, кәсіби спортшылармен бірге ашық аспан астында жаттығулар өткізіп, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуда. Астанадағы Триатлон саябағында күн сайын кешкілік спорт жаттығулары өтеді.

«Дала Қырандары» жастар бірлестігі қолға алған жоба «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бір бөлігіне айналды. Жобаның басты ұстанымы — тазалық әркімнің өзінен басталады. Қатысушылар тазалайтын аумақты өздері таңдап, сол үшін жауапкершілік алады. Осылайша, аулалар мен саябақтар жайлы әрі қауіпсіз орындарға айналуда.

Қазіргі таңда жобаға 20-дан астам қала қосылған, ал жалпы қатысушылар саны 5 мыңнан асты. «Жаттығу» жобасы — үлкен өзгерістердің қарапайым қадамдардан басталатынын, өз ауласына деген қамқорлық пен белсенді өмір салтының маңызды екенін көрсетіп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...