Алматы қаласы Алмалы ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына ие болған аналарды марапаттау рәсімі өтті. Шара отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен ананың қоғамдағы рөлін насихаттауға арналды.
Марапатталғандардың қатарында Естай Алмагүл, Мусабекова Алия, Мусаева Рахат сынды алты баланың аналары бар. Барлығы – отбасылық тәрбие мен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп жүрген азаматшалар.
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 848,6 мың отбасы жалпы сомасы 99,9 млрд теңгеге қамтылды.
No-comment.kz