Алматыда шағын және орта бизнес (ШОБ) қала экономикасының негізгі тірегіне айналды. 2024 жылы бұл секторда 972,1 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл – қаланың жалпы жұмыспен қамту деңгейінің 90%-ы. Бұл туралы қаланың Экономика басқармасы хабарлады.
Өткен жылы ШОБ өнім көлемі 13,9%-ға артып, 24,9 трлн теңгеге жетті. Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 60,3%. 2025 жылдың мамырында қалада 378,9 мың белсенді бизнес субъектісі тіркелген — бұл жыл басымен салыстырғанда 7,4%-ға көп.
2025 жылы Алматыда іскерлік белсенділік индексі 57,9%-ды құрап, республика бойынша ең жоғары көрсеткішке жетті.
ШОБ-ты қолдауға биыл 70 млрд теңге бөлінді. Қала билігі бизнес бастамаларға қолайлы орта қалыптастырып, экономикалық өсімді арттыруда.
No-comment.kz