Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында студенттермен кездесу өтті. Шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдастырып, жастар арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтуды көздеді.
Кездесуде жастар сыбайлас жемқорлықтың салдары мен оны болдырмау жолдарын талқылап, интерактивті бейнематериалдармен танысты. Студенттер өз пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты.
Ресми мәліметке сәйкес, Алматы қаласы 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша елімізде бірінші орынға шыққан. Бұл көрсеткіш құқықтық тәрбиенің тұрақты жүргізіліп жатқанын аңғартады.
No-comment.kz