Алматыда есірткі жарнамасына қарсы рейд

Алматыда есірткі жарнамасына қарсы рейд

Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті полиция қызметкерлерімен және белсенділермен бірлесіп, есірткі құралдары жарнамасының таралуын анықтау және жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізді.

Торуылдық (рейдтік) іс-шаралар шеңберінде есірткі тарататын интернет-дүкендерге сілтемелерді іздеу мақсатында тұрғын үйлер мен ғимараттарды жаппай аралау жүзеге асырылды.

Тексеру барысында тыйым салынған заттарды жарнамалайтын граффити және басқа да жазбалар анықталды. Көрсетілген жазбаларды дереу жою және оларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау шаралары қабылданды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды осындай жарнаманы орналастыру фактілерін белсенді түрде хабарлауға және есірткінің таралуына немқұрайлы қарамауға шақырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялық шаралар үздіксіз жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен құрылған штаб өңірдегі...