Мәжіліс депутаттары мәселелерге мән беруде

Мәжіліс депутаттары мәселелерге мән беруде

«Металлург» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүруде. Бүгін Парламент Мәжілісінің қос депутаты атап айтқанда, Мұхтар Ерман пен Берік Бекжанов аталған нысанға бет алып, ауқымды құрылыстың барысын бақылады, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында стратегиялық маңызға ие нысан басындағы құрылысты аралауға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов пен Абай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есемхан Бертаевта барды.

Айта кетейік дәл осы «Металлург» стадионының ел игілігіне дер кезінде берілуі Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы әзірлеген сайлауалды бағдарлама бойынша басым бағыттар жазылған Жол картасында орындалуы тиіс басты міндеттердің бірі болып табылады

Кешендегі құрылыс жұмыстары былтыр мамыр айында қолға алынған. Мердігер мекеме «Югстройсервис-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік директоры Арман Бекенов «Металлург» стадионының реконструкциялау жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталатынын айтты.

Стадионды қайта қалпына келтіру үшін бюджеттен 3,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Өз кезегінде халық қалаулылары бас мердігерге құрылыстың сапасына аса мән беріп, нысанның уақытылы қолданысқа берілуі қажет екендігін ескертті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар міндеттер қойды. Мемлекет...

В честь 80-летия Великой Победы в городе Алматы прошла масштабная благотворительная акция «Ардагерге құрмет». В рамках акции, волонтеры города...

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне...