Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, “Nur Otan” фракциясының мүшесі Мұхтар Ерман Шымкенттегі "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС мекемесіне барды. Халық қалаулысы үшінші мегаполистің тазалағын қамтамасыз етіп отырған ұжым қызметкерлерімен кездесіп, олардың жұмысымен жақын танысты, деп хабарлайды Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына сілтеме жасаған No-comment.kz
Айта кетейік "ЛТД-Тұрмыс" мекемесі шаһар тіршілігін қамтамасыз етуде мінсіз еңбек үлгісін көрсетіп келеді. Мекеме қаладағы 131 орталық көшелер мен гулзарлардағы жасыл желектерді күтіп баптайды. Осы бағытта былтыр серіктестіктегі жұмысшылар қала көшелерінде 60 мыңнан аса ағаш көшеттер отырғызып, 1407500 дана жаздық гүлдер мен 500000 қызғалдақ еккен.
Мекемедегі 903 жұмысшы қаланың 100 көшесінде санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге таңалакеуімнен бастап кіріседі.
Мекемеде жұмыс қолы да, техникалар да жеткілікті. Мәселен, қала көшелеріндегі тиісті жұмыстар үшін 258 дана арнайы техникалар жұмылдырылған.
Ағаштар мен гүлдерді суғару маусымында арнайы техникалар түнгі және күндізгі ауысымда жұмыс жүргізеді. Ұзындығы 154 483 шақырымды құрайтын 53 көшеде 295734 дана ағаш көшеттерінің түбіне су құю, 107 904 шаршы метр алаңда жайқалып өсіп тұрған роза гүлдер мен жаздық гүлдердің жүйектеріне су құю жұмыстары 56 дана су тасымалдағыш арнайы техникалардың көмегімен атқарылады.
Қыс мезгілінде көшелерді қардан тазалау, жолдарға инертті материалдар себуге арнайы 103 техника бөлінген. Бұдан бөлек, қаладағы Қошкар ата, Қара су, Жаңа шек, Ақсай, Қарабастау, Шымкент сынды 9 каналға 52 адам топтасқан жеке құрам механикалық және қолмен тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Мекеме карантин уақытында 223 көшені (58500 шаршы метр) дезинфекциялады.