Түркістандағы балалар кітапханасында отбасы құндылығына арналған іс-шара өтті

Түркістандағы балалар кітапханасында отбасы құндылығына арналған іс-шара өтті

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасында өмір сүру бақыты» атты тағылымды кездесу кеші өтті.

Кештің басты мақсаты — отбасылық байланыстарды нығайту, өскелең ұрпаққа отбасы тәрбиесінің маңызын түсіндіру. Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту.

Іс-шараны ардагер журналист Роза Нарымбетова, ардагер ұстаз Несіпкүл Өтебаева ашып берді. Олар шараның мән-маңызына тоқталып, отбасы – қоғамның іргетасы екенін атап өтті. Қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, кештің тағылымды өтуіне сәттілік тіледі.

Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары мен олардың ата-аналары Қонаевтар отбасы қатысты. Кеш барысында үлгілі отбасы мүшелері өзара сыйластық, тәрбиенің маңызы, отбасыдағы жылылық пен бірлік жайлы ойларымен бөлісті. Балалар мен ата-аналар үшін қызықты сұрақ-жауаптар мен отбасы, ата-ана, бауыр тақырыптарында әсем әндер шырқалды.

Іс-шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Кешке жиналған көпшілік қауым жағымды эмоция мен шынайы қуанышқа бөленіп, ұмытылмас әсер алды. Отбасында кітап оқу дәстүрге айналған жағдайда, бала кітапты таным мен тәрбие көзі ретінде қабылдайды. Мұндай оқырман отбасы – болашақтың интеллектуал тұлғасын тәрбиелеудің негізі.
Қонаевтар отбасы — шын мәнінде үздік оқырман отбасы атына лайықты бірден бір отбасы. Бүгінгі кеш сол ықыласты, ізгі жүректі, кітапқұмар жанұяға деген құрметіміздің бір көрінісі.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 20 балалар кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Жалпы балаларға қызмет көрсететін кітапханалардың кітап қоры - 723 000 дананы құрайды. Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы – кітаппен және ақпаратпен қамтамасыз ететін аудандық балалар кітапханаларының әдістемелік орталығы.

Облыстық балалар кітапханасының бастамасымен көптеген жобалар жүзеге асуда. Атап айтсақ: «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шаралар, «Түркістанның таңдаулы туындысы» акциясы, мерейтой иелері мен ұлттық және кәсіби т.б. мерекелерге орай іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Сонымен қатар, «Әлемді кітап арқылы танмимын» облыстық байқауы, «2025 жыл –Балалар кітапханасы жылы» жобасы, кітапханалық «Әжемнің өсиеті», «Бала терапиясы», «Кітаппен өткен күн қызық» оқырман клубы, «Саяхатшы қуыршақтар», «Демалысым кітапханада» т.б. түрлі жобалар бойынша оқырманға қызмет көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ