Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Дания Корольдігінің Ресей Федерациясындағы, Қазақстан Республикасындағы және Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін (қоса атқарушы) Йеспер Вармен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Алматы облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды талқыланды.

Қазақстанда қуаты жылына 340 млн литр сусын, жалпы құны $250 млн-нан астам, 500 жұмыс орнын ашу көзделген алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша Carlsberg Group пен PepsiCo компаниясының бірлескен жаңа жобасын іске асыру жоспарлануда.

Дания Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Й. Вар жоғары технологиялық өндірістік кешенді құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын едәуір арттыруға, ілеспе салалардың дамуын ынталандыруға, отандық тауар өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын ашуға, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретініне сендірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...