Алматыда Мақан Есболатов атындағы Академияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тыңдаушылармен және құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесті. Жиында адалдықты арттыру және жемқорлық тәуекелдерін азайту жолдары талқыланды.
Integrity Check тетігі арқылы кадрлардың адалдығын бағалау және ашықтықты қамтамасыз ету құралдары таныстырылды.
2025 жылдың алғашқы тоқсанында Алматыда 66 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл — қала бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Ел көлемінде осы кезеңде 521 құқықбұзушылық анықталып, 257 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.
Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға басымдық берілген жиын адалдық пен әділдікке негізделген болашақты қалыптастыруға бағытталды.
No-comment.kz