2029 жылға қарай елде шығарылатын бүкіл қорғасын іште өңделмек

2029 жылға қарай елде шығарылатын бүкіл қорғасын іште өңделмек
Бүгінде еліміздегі мыс саласында ішкі өңдеу қарқынды дамып келеді. 2021 жылы Қазақстанда шығарылатын мыстың 5,3 мың тоннасы іште өңделсе, былтыр бұл көрсеткіш 13,2 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы өңдеуді арттырып, 16,2 мың тонна дайын өнім шығару жоспарланған. Қазір 16 кәсіпорын  мыспен қамтамасыз етілуде. Мәселен, қуат трансформаторларын орауға арналған сымдар шығару көлемін жалпы өткен жылға қарағанда 31%-ға, мыс катанкасын және дөңгелек жалпақ прокат өндіру көлемін 29%-ға ұлғайту көзделген. Бұл жайлы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ