ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларындағы 11 мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады. Тиісті пилоттық жоба 6 орталық мемлекеттік органның бірлескен бұйрығы алғаш жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында іске қосылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Пилоттық жобаны іске асыру қолданыстағы шаралардың бытыраңқылығы мен қайталануын, тиімсіз төлемдерді азайтады, шын мәнінде мұқтаж азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырады, оларды қамтамасыз ету бойынша бизнес-процестің ашықтығын арттырады.
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Шымкент қаласында мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны ұйымдастыру үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы әр түрлі бөлімдерден келесі 11 мемлекеттік қызмет түрін таңдады:
1) «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету»;
2) «Азаматтардың жекелеген санаттарын, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы , жоғары оқу орындарының студенттері мен білім алушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету»;
3) «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;
4) «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз ету»;
5) «Мемлекеттік білім беру ұйымдары студенттері мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына саяжай және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуды қамтамасыз етуге құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру»;
6) «Білім беру ұйымдарының студенттері мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»;
7) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету»;
8) «Азаматтардың жекелеген санаттарын, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тегін тамақпен қамтамасыз ету»;
9) «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды тағайындау және жүзеге асыру»;
10) «Тұрғын үй көмегін көрсету»;
11) «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық көмек төлеу».
Пилоттық жобаны іске асыру бизнес-процестерді автоматтандыруға, қайталанатын функцияларды анықтауға және жоюға, көмек көрсету мониторингін жақсартуға мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаның жаңашылдықтарының бірі – отбасыларды 6 санатқа – төтенше қажеттіліктен (азық-түлікке қаражаттың жетіспеушілігі) жоғары әл-ауқатқа (қаржылық қиындықтардың болмауы) дейін бөлетін үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен тұрақтылығын бағалаудың баллдық үлгісін қолдану. Негізгі мақсат – ресурстарды шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына қайта бөлу, оның ішінде 6-санатқа (әл-ауқатының жоғары деңгейі) жататын азаматтарға көмек көрсетуден бас тарту арқылы.
Баллдық модель 23 әлеуметтік-демографиялық және экономикалық критерийлер негізінде қалыптасады. Бұл ретте екі немесе одан да көп тұрғын үй бірлігінің, бір немесе бірнеше көлік құралының, тіркелген заңды тұлғалардың (дара кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) болуы, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне орташа жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4-тен асуы сияқты факторлардың жиынтығы бар отбасылар әл-ауқат деңгейі жоғары үй шаруашылықтары қатарына жатқызылатын болады (6-санат).
Мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау азаматтарды сол немесе басқа санатқа жатқызу нәтижелері бойынша автоматты түрде жүзеге асырылатын болады.
Жаңа үлгіні Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында сынақтан өткізу жоспарлануда.
Осы тәсілдерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық әзірленді және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Құжат ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.