Мәжіліс депутаты тұрғын үй құрылысының қарқынымен танысты

Мәжіліс депутаты тұрғын үй құрылысының қарқынымен танысты

Биыл қаламызда 661 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына енген, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мұхтар Тілдәбекұлы мен қалалық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Жадыра Нағашыбайқызы Қаратау ауданының Тұран шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғынүйлердің құрылыс барысымен танысты.

Жалпы, Тұран шағынауданында 88 көпқабатты үй салынуда. Олардың алғашқы легі жаздың соңында тапсырылмақ. Ағымдағы жылы осындағы 29 көпқабатты тұрғын үйдегі 1880 пәтерге үй кезегінде тұрған жандар қоныстанатын болады.

Жергілікті билік тарапынан құрылыс жұмыстарына 25 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Құрылыс алаңында 2 мыңнан аса маман жұмыс істейді. Бүгінде құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Ескерте кету керек, Тұран шағын ауданына ауыз су, электр энергиясы мен көгілдір отын жеткізетін инфрақұрылымдық жүйелер мемлекет есебінен құрылыс басталмай жатып тартылған. Алдағы бірер аптада тұрғын үйлердің арасына асфальтбетон жамылығысы салына бастайды. Ал, құрылыста қолданылып жатқан материалдардың 90%-ын отандық өнім құрап отыр. Бұл құрылыс бағасын қымбаттатпауға, сапасын жақсартуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға ықпал ететін жағдай.

Тұран шағын ауданында әлеуметтік нысандар, нақтысы, мектеп пен екі балабақшалар үшін арнайы орын қалдырылған. Олардың да құрылысы басталды. Тұрғындар дем алатын үлкен саябақ салу да шағынауданның даму бағдарламасына енгізілген.

Тұран шағынауданындағы құрылыс барасын халық қалаулыларына құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Үсенұлы таныстырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...