Түркістан: Мереке қарсаңында тағы бір елді мекен газдандырылды

Түркістан: Мереке қарсаңында тағы бір елді мекен газдандырылды
9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығы аясында Ордабасы ауданында «көгілдір отынды» тұтынушы елді мекендердің саны артты. Бөген ауыл округіне қарасты Кемер елді мекені тұрғындарының қуаныштарын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы барды. 
2023-2024 жылдарға республикалық бюджеттен қаралған жалпы сметалық құны 60 934 763,95 теңгені құрайтын Кемер елді мекеніндегі құрылыс жұмыстарын «Қанай» ӨК мердігер мекемесі жүргізген. Ендігі кезекте ұзындығы 2,927 шақырымды құрайтын газ құбырынан 28 отбасы табиғи отынды ешбір қиындықсыз тұтынатын болады.
Айта кетейік, 57 елді мекені бар ауданымыздың 32-і, яғни, 56,1 пайызы табиғи газға қосылған. Бүгінде 4 елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, тағы 4 елді елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінсе, 8 елді мекеннің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
10 нысан немесе 8 елді мекенде (Сарыарық, Жусансай, Арыстанды, Ақсары, Жұлдыз, Жайылма, Жаңатұрмыс, Мәдениет, Шұбарсу) табиғи газбен қамту құрылысына ЖСҚ әзірленіп, (жоба құны 4,2 млрд.теңге) салалық басқармаға қаржы қарастыруға тиісті құжаттар рәсімделіп, бюджетке өтінім жолданған.
11 елді мекенінің (Нұра, Ақпан, Аққойлы, Бадам, Дербес, Ордабасы, Мамыр, Қарабастау, Ақбұлақ, Қалаш, Дихан) жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Жалпы, бұл жұмыстар аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың нәтижесі. Аудан әкімінің айтуынша, табиғи газ – тек жайлылық пен үнем ғана емес, сондай-ақ экологияға зияны аз энергия көзі болып табылады. Газбен қамтудың артуы әсіресе қыс мезгілінде көмір мен отын тасу машақатынан арылтады, тұрғындарға қауіпсіз әрі тиімді жағдай жасайды.
Инфрақұрылымды дамыту – халыққа деген шынайы қамқорлықтың көрінісі. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары құрылып, жергілікті мердігерлердің тартылуы өңір экономикасына оң әсер етті. Алдағы уақытта газ желісіне қосылған елді мекендер саны еселеп артатынына сенім мол.
Аудан басшылығының мәліметінше, табиғи газбен толық қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады. Мемлекет тарапынан тиісті қаржыландыру мен қолдау жалғасуда. Жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалып, бюджеттік өтінімдер тиісті органдарға жолдануда. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұзақмерзімді стратегиялық жоспардың бір бөлігі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...