Депутат азаматтар өтініштеріне ден қойды

Депутат азаматтар өтініштеріне ден қойды

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерман Мұхтар «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда 9 азаматтың өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz

Онлайн режимде өткен қабылдауға келген бірқатар азаматтардың өтініштері күн құрғатпай оң шешімін тапты. Атап айтқанда, А. Бабаджанова есімді азаматша әлеуметтік жағдайын ескере отырып, отбасын азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуді сұрады. Дәл осыған ұқсас ұсыныспен аталған ауданның Ұ. Тұрғанбаева есімді тағы бір тұрғыны, Еңбекші ауданының екі, Қаратау ауданының бір тұрғыны шықты. Өз кезегінде халық қалаулысы Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары әкімдігінің осы мәселеге қатысты мамандарымен байланысып, бұл азаматшалардың өтінішін бақылауға алуды айтты. Көп ұзамай өтініштері оң шешімін тапты.

Бұдан бөлек, Е. Зушухаров есімді қала түрғыны үй жағдайында өз ауласында ірі қара мал асырауға ниетті екенін жеткізді. Бұл өтініш бойынша нақты шешім шығару үшін азаматтың қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының қабылдауына жазылуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Қаратау ауданы, «Бозарық» шағын ауданынан спорт алаңшасын соғып беруді сұраған тағы бір тұрғынның өтініші бойынша депутат Мұхтар Ерман «Бозарық» шағын ауданы мен «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына демеушілер есебінен ашық спорт алаңшаларын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Депутаттың қабылдауына жазылған Абай С. Мирзаева есімді тұрғыны «Ынтымақ-2» тұрғын алабында су жүйесі жүргізілсе де, әлі күнге дейін су келмей жатқанын айтып, қынжылды. Депутат мәселенің ақиқатына көз жеткізу үшін Абай ауданы әкімдігінің жауапты мамандарына хабарласты. Өз кезегінде олар «Ынтымақ-2» тұрғын алабына тартылған құбырдан әлі күнге дейін судың ақпай тұрғанын жоққа шығармады. Және оны су есептегіш құралдарының орнатылмағанымен түсіндіріп, мәселенің бақылауға алынатынына уәде берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...