«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында мәдениет қызметкерлері 1000 тал екті

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында мәдениет қызметкерлері 1000 тал екті
Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза Like» экоакциясы өтті. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай мәдениет қызметкерлері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және Ежелгі Түркістан қалашығы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, 1000 тал екті.
«Фараб» кітапханасының басшысы Жанат Шардарбекова елімізде кең көлемде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының халыққа берері мол екенін айтты.
«Таза Қазақстан – шын мәнінде тұрғындарды тазалыққа, экомәдениеттілікке үйретіп келеді. Қазір қала тұрғындары мен қонақтары тазалықты сақтауға, қоқыс шашпауға үйренген. Біз – мәдениет қызметкерлері төл мерекеміз қарсаңында көпке үлгі болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында және өңірдегі қасиетті орындарды тазалық жұмыстарын жүргіздік», деді кітапхана басшысы.
Қазіргі таңда облыс бойынша 1780 тарихи-мәдени мұра объектілері есепке алынған. Бағдарлама аясында облыстағы тарихи-мәдени мұра нысандарына сенбілік жұмыстары жүргізіліп келеді. Ақпан айынан бастап мәдениет мекемелері, Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық, Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі мен Ордабасы ауданындағы тарихи өлкетану музей қызметкерлерімен бірлесе отырып «Қызыл көпір» тарихи ескерткішіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Ал сәуірде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығымен бірлесе отырып, «Гаухар ана» кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жоспарға сай әр аптаның жұма-сенбі күндері облыс орталығындағы мектеп аумақтарын және көшелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Апта соңында Сауран археологиялық сәулеттік кешені аумағында және «Ақмешіт үңгірі» аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жыл басынан бері аудан, қалалардағы 264 мәдениет ошақтарында 46600-ге жуық қызметкерлер сенбілік жұмыстарына тартылып, өз аумақтары бойынша тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында халық арасында кең ауқымды ағарту жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері тазалауға қатысып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған тақырыптық дәрістер, көрмелер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырады. Жастарды тартуға ерекше назар аударылады — еріктілер мен студенттер акцияларға белсенді қатысады, осылайша қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты-тарихи-мәдени нысандарды қоқыстардан тазарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қоршаған ортаға деген қамқорлығының тұрақты әдетін қалыптастыру. Мұндай акцияларға қатысу қоғамдастық рухын нығайтады, экологиялық патриотизмді дамытуға және ұлттық мұраны құрметтеуге ықпал етеді.
Осылайша, "Таза Қазақстан" бағдарламасы табиғатты қорғау ісінде ғана емес, елдің мәдени және рухани құндылықтарын сақтауда да маңызды құралға айналуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...