Мәжіліс депутаты балалар ауруханасында болды

Мәжіліс депутаты балалар ауруханасында болды

ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев №1 клинаикалық балалар ауруханасын каралап көріп, сондағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды  Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалына  сілтеме жасаған No-comment.kz.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында ұлт саулығын жақсартудың жолдары нақты іс-шаралармен қарастырылған.

Онда қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту (өкпені жасанды желдету аппараттары, пульсоксиметрлер, КЩС анализаторлары, «Бобров» аппараттары, пациенттің мониторлары, шприцті сорғы, электрокардиографтар, флюорографтар және басқа да) құралдар сатып алынады деп көрсетілген.

315 төсектік клиникалық балалар ауруханасында бүгінгі күні 310 науқас ем алып жатыр. Қаржы уақтылы бөлінген соң, дәрі-дәрмектен көріп жатқан тапшылық жоқ. Бірақ, бас дәрігер Динара Жұмаділова кейбір сала бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі бар екнін айтты. Бұрын дәрігерді өз саласы бойынша біліктілігін арттыру үшін 4-6 ай оқытатын болса, қазір ол уақыт 3 айға дейін созылып кетіпті. Қаладағы балаларға арналған ірі емдеу мекемесі болған соң, мұнда келіп, емделетіндер де көп. Кейде бір саланы тереңдеп біліп, емдейтін маманның тапшы болып қалатыны да содан, дейді. Аурухананы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қаматамасыз етіп тұру қажеттілігі де бар.

Емдеу мекемесінің жағдайымен егжей-тегжей танысқан мәжіліс депутаты дәрігерлер айтқан ұсыныстарды тиісті ведомство өкілдерімен ақылдаса отырып, тиімді шешу жолдарын қарайтынын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...