Шымкент қалалық маслихат депутаттары, “Nur Otan” партиясы фракциясы мүшелері Керімбаева Н.А және Балтабаев Т.Д. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына енген қаламыздың ірі кітапханаларының бірі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы өзгерістермен танысып қайтты.
Айтарлықтай өзгеріске ұшыраған кітапханада Әл-Фарабидің ескерткіші орнатылған және оның жоғарғы жағына Планеталар композициясы жасалынған.
Файеде көне Отырар қалашығының макеті мен қабырғаға сол қалашықтың және Оқсыз қалашығының спутниктен түсірілген бейнесі салынған.
Кітапханада ашық аймақ пайда болды. Ол жерде тілек білдірушілер тыныштық жағдайында кітап оқи алады немесе шахмат, дойбы сынды танымдық ойындармен айналысуға мүмкіндік жасалған.
2020 жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Үкіметтің қаулысымен кітапханаға Әл-Фарабидің есімі берілді.
400 мыңнан астам кітап қоры бар кітапханада 1 халықаралық, 2 республикалық деңгейде іс-шаралар өткізілді.