Отанға қызмет – абыройлы міндет

Отанға қызмет – абыройлы міндет

Шымкентте ҚР Қарулы күштерінің Отар гарнизоны 30212 әскери бөліміне жас сарбазадарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Қалада 1 наурыз бен 30 маусым аралығында көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны жүргізілуде. Биылғы көктемгі науқанда 1000-нан астам азаматты әскер қатарына жіберу көзделген.

Жиынға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери саланың ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары, бауырлары қатысты.

Полковник Ә.Шегебаев әскерге бару әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

– Мерзімді скери борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін зор абырой. Жылдан жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты артып, әскери дайындық деңгейі жоғарылап келеді. Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Келесі жылы жас сарбаздарды зор құрметпен қарсы алайық, – деді Әбдіғабит Құрбанұлы.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзенбаев әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Бүгінгі іс-шарада 30 азамат ҚР Қарулы күштерінің қатарына жіберілді. Ендігі кезекте қаладан Ұлттық ұлан қатарына жас сарбаздарды шығарып салу рәсімдері жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап....

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елімізде туристердің жайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселесі...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын...