Мемлекет басшысы «Дәулет» теннис орталығына барды

Мемлекет басшысы «Дәулет» теннис орталығына барды

Астана қаласы

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» МКҚК теннис орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

«Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.

Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ