Мемлекет Басшысының мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен «Жергілікті өзін-өзін басқару институттарының рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің мәдениет сарайында өткен семинарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сарапшылар клубының мүшесі Шолпан Айтенова, Сөз сөйлеу өнерінің сарапшы маманы, кәсіби ментор Гүлжанат Битанова, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сакен Мажинбеков, облыстық, аудан, қалалық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, аудан, қалалық мәслихат аппарат басшылары, облысымыздың ішкі саясат және жастар орталықтарының басшылары қатысты.
Тарихи, мемлекеттік және идеялық мәні бар шараны Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай жүргізіп отырды.
Семинардың ашылуында «Облыстық мәслихат – халық таңдаған халықтық орган» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, алғы сөзде Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов семинардың маңыздылығын атап өтті.
«- Жалпы, бүгінгі семинар мәслихаттардың қоғамдағы рөлі мен депутаттардың біліктілігін арттыру мәселелеріне арналып отыр. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында мәслихаттардың аймақтардағы экономикалық саясатқа ықпалын және депутаттардың біліктілігін арттыру қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты, мәслихаттардың жаңа кезеңдегі басымдықтарына жан-жақты әрі тереңірек тоқталу үшін семинарға арнайы сарапшыларды шақырттық. Соңғы бірнеше жылда Президенттің бастамасымен мәслихаттардың жауапкершілігі мен құзыреттілігі Заң аясында күшейтілді. VIII шақырылымдағы мәслихаттар жұмысын жаңаша құрамда, жаңаша форматта бастады. Конституциялық реформадан кейінгі аралас сайлау жүйесімен сайланған халық қалаулыларына үлкен мүмкіндіктер беріліп, мәслихаттардың саяси құзыреті кеңейді.
Мәселен, мәслихат төрағасы деген лауазым енгізілді, облыс әкімдерін мәслихаттардың қатысуымен тағайындау тәртібі өзгерді. Сонымен қатар, аудан, қала әкімдерін сайлау жүйесі де реформаланды. Соның нәтижесінде, облыс әкімін тағайындауға дауыс беру арқылы келісім бердік.
2023 жылы пилоттық режимде әкімдердің тікелей сайлауы өтетін аудан, қалаларды белгіледік. Соған сәйкес, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек және Созақ аудандарында әкімдер сайлауы өтті.
Әрине, мәслихат депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілген сайын жауапкершіліктіңде артатыны сөзсіз. Оны халық қалаулылары жақсы түсінеді», - деді Нұралы Әлмаханұлы.
Сондай-ақ, облыстық мәслихатдепутаттары белсенді жұмыс жасап, өңірдегіөзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасапжатқандығын айтты. Депутаттар жыл сайынаудан, қала тұрғындармен есепті кездесулерөткізіп, бүгінде халықты толғандыратын 178 мәселе мәслихат бақылауына енгізіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
« - Сонымен қатар, депутаттар уран өндіретін компаниялардан облыстыңәлеуметтік-экономикалық дамуына инвестиция көлемінен төлейтін төлемдерді 2 пайызғакөтеруіне қол жеткізді. Сондай-ақ, депутаттаршетелдік инвесторлардың келуіне қарсыболған Арыс қаласы мен Отырар ауданытұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өңірге инвестиция тартуға үлес қосты.
Бүгінде шетелдік инвестор құны 200 млрд. астам теңгені құрайтын «Мақта өсіру жәнемақта-тоқыма кластерін құру» бойынша іріжобаларды іске асыруда. Нәтижесінде 50 мыңгектардан астам жер игеріліп, 10 зауытсалынып, 4 мыңнан астам жұмыс орындарыашылмақ.
Одан бөлек, депутаттар мақта терімікезінде шаруалар тарапынан жыл сайын орыналатын наразылықтардың алдын алып, мақта егетін Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы барлық мақта қабылдау пунктерінде тиісті жұмыстарды үйлестірді. Нәтижесінде соңғы екі жылда шаруалар тарапынан ешқандай наразылықтар орыналмады. Жалпы, бұл бағытта біз жұмысты одан әрі жалғастыра беретін боламыз», - деді облыстық мәслихаттың төрағасы.
Сонымен қатар, семинарда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сатвалдиев Алишер, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сарапшылар клубының мүшесі Айтенова Шолпан, Сөз сөйлеу өнерініңсарапшы маманы, Кәсіби ментор Битанова Гүльжанат, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мажинбеков Сакен баяндама жасады.
Семинарда өте маңызды тақырыптар талқыланып, депутаттар тәжірибе алмасып, түрлі пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтық қоғамның да ортақ ісі екеніайтылды.
Ширек ғасыр бұрын жергілікті өкілеттіорганның жасақталуы мемлекеттік құрылымдағы өзгерістердің бастамасы еді.
Бүгінгі таңда әр деңгейдегі мәслихаттархалық пен билік арасын жалғап, өңірдің дамуына бағытталған істерді келісе атқаруғаарналған ашық алаңға айналды.
Қазіргі таңда Түркістан облысында 338- мәслихат депутаттары бар. Оларға қойылатынбасты талап – халықпен жұмыс істеуде атүстілік пен салғырттықтан арылу.
Мәслихат депутаты – бұл өз аймағының көзі, құлағы һәм тілі. Өңірді дамыту жоспарынакелісім беру, әлеуметтік бағдарламаларды, жергілікті бюджетті бекіту де депутаттардың құзырына кіреді.