Алматыда UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов мектеп оқушыларымен мотивациялық кездесу өткізіп, жастармен есірткі қылмысының алдын алу жөнінде пікір алмасты. Іс-шара «Zhastarmen» жобасы аясында Алматы қаласының прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жасөспірімдер спорт, ерік-жігер және жауапкершілік туралы сұрақтар қойып, Шавкат Рахмоновтың жеке мысалына сүйене отырып мотивация алды. Белгілі спортшы есірткінің зияны мен оның құқықтық салдарын атап өтті. Кездесу соңында қатысушыларға қолтаңбасы бар плакаттар мен спорттық жабдықтар табысталды.
Мұндай бейформал кездесулер жастардың құндылықтарын қалыптастырып, есірткіге қарсы иммунитетті күшейтеді. Танымал тұлғалардың тікелей араласуы – құқықтық және азаматтық тәрбиенің пәрменді құралына айналуда.
No-comment.kz