Ұстаз болу - ұста болу деген сөз

Ұстаз болу - ұста болу деген сөз

Жайлаубай Назира Тыныштықбайқызы «Физика» пәнін оқытуда шығармашылық ізденісі мен ұстаздық жолда асқан жауапкершілік пен жаңашылдық танытып жүрген ұстаздардың бірі.
Шымкент педагогикалық институтын 1990 жылы бітіріп, мамандығы бойынша бітіріп, педагогтық қызметін Созақ ауданы, Шу ауылынан бастап, қазіргі таңда №78 жалпы орта білім беретін мектепте 2008 жылдан бастап ұстаздық қызметін жалғастыруда.
Ол бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім. Сондай-ақ, 2020 жылдан бері Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалында қосымша тренерлік қызмет атқара отырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да өз үлесін қосып келе жатқан ұстаз.
42 жыл бір салада үзбей еңбек етіп келе жатқан Назира Тыныштықбайқызының шәкірттеріне берері көп. Оның ұстанымы «өз сабағын сүймесе,оған өзі сүйсіне білмесе,ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды…» дегенге саяды.
Еңбек жолындағы табандылық пен кәсіби біліктілік Назира Тыныштықбайқызын ұжым арасында үлкен құрметке бөлеп отыр. Оның ұзақ жылғы адал еңбегі, жас мамандарға бағыт-бағдар беруі және білім беру саласына қосқан үлесі қаланың әлеуметтік-демографиялық даму бағытындағы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ұстаз еңбегінің қадірін арттыру – еңбек адамына деген құрметтің айқын көрінісі.
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде еңбек ететін осындай білікті мамандар – ел болашағының кепілі. Назира Тыныштықбайқызының тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі жас мұғалімдерге үлгі болып, оларға бағыт-бағдар береді. Оның оқушыларға ғана емес, әріптестеріне де үйретері мол. Бұл – тек ұстаздық емес, нағыз рухани көшбасшылықтың белгісі.
Сонымен қатар, ұстаздың күнделікті сабағында қолданатын заманауи әдіс-тәсілдері білім сапасын арттыруға ықпал етуде. Оның сабақтары оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды өтеді. Әрбір оқушының қабілетін ескеріп, тұлғалық дамуына жағдай жасауы – оның педагогикалық шеберлігін айқындай түседі. Назира Тыныштықбайқызының бойындағы еңбекқорлық, ізденімпаздық пен адамгершілік қасиеттері – болашақ ұрпаққа берілетін үлкен өнеге.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдер...