Оқыту барысында педагогтер жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдануды; промпт жазу әдістерін; сабақ жоспарлау тәсілдерін; тестілер мен оқу материалдарын әзірлеуді; иллюстрациялар жасауды; оқу мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын меңгереді.
Бағдарлама жасанды интеллектіні педагогтің орнын алмастырушы емес, кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді құрал ретінде қолдануға бағытталған. Ол мұғалімге шығармашылыққа көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған бұл оқуға мұғалімдер https://reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында тегін қатыса алады. Бір аптаның ішінде 100 мыңға жуық адам қатысып, соның жартысына жуығы сертификат алды.