Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Таңдау емес, тағдыр болған мамандық

Кадирова Нурлыгүл Құрманәліқызы — ұлағатты ұстаз, педагогика саласында 32 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1971 жылы Шардара ауданы, Байырқұм ауылында дүниеге келген. Ұстаздық жолын Жетісай қаласындағы педагогикалық училищеден бастап, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білімін жетілдірген.
Бүгінде бастауыш білім беру саласында саналы ғұмырын арнап келе жатқан Нурлыгүл Құрманәліқызы – өз ісінің шебері. Оның шәкірттері республикалық, облыстық зияткерлік сайыстарда топ жарып, үздік атанып жүр. «Алтын қыран», «Ой-сана», «Бәйтерек», «Көркем жаз» сынды байқауларда шәкірттерінің жеңіске жетуі — мұғалім еңбегінің жемісі.
Ол – «Жылдың үздік сынып жетекшісі», «Үздік авторлық бағдарлама» иегері, бірнеше мәрте облыстық, қалалық марапаттарға, алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болған. Педагогикалық шеберлік пен цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша біліктілігін ұдайы арттырып келеді.
Нурлыгүл Құрманәліқызы үшін ұстаздық — тек мамандық емес, бұл — жүректің таңдауы, өмірлік жол. Ол балаларға білім беріп қана қоймай, адамгершілік пен рухани құндылықтарды бойларына сіңіріп, олардың өмірге сеніммен қадам басуына жол ашып келеді.
Ұстаздың еңбекқорлығы мен балаларға деген сүйіспеншілігі – оның әрбір ісінен көрініс табады. Әр сабағын ерекше жауапкершілікпен өткізетін Нурлыгүл Құрманәліқызы оқушылардың қабілетін дамытып, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды. Ұстаздық қызметінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, білім беру сапасының артуына өз үлесін қосып келеді.
Сондай-ақ, ол ата-аналармен тығыз байланыс орната отырып, тәрбиенің отбасынан басталатынын ұмытпай, оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Нурлыгүл Құрманәліқызы — еңбекке адал, жаңашылдыққа ұмтылатын, өз ортасына сыйлы педагог. Мұндай ұстаздар – еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуына тікелей үлес қосатын тұлғалар. Шымкент қаласында еңбек адамының мәртебесін арттыру, мұғалім еңбегін бағалау – дәл осындай жандар арқылы іске асады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...