Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийдің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Польша халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыруға арналған жобалық кеңсенің...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбе...