Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.