Қарағандыдағы ту тұғыры алдындағы алаңда қала тұрғындары бүкіл елмен бірге Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде.
Мерекеге кадеттер, студенттер, еріктілер, ардагерлер, қоғам өкілдері мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Үш мыңнан астам адам ел әнұранын орындады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мерекеге қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
– Бүгінде Қазақстанның рәмізі бүкіл әлемде танымал, бұл өз елімізге деген мақтаныш сезімін тудырады, патриоттық сезімді тәрбиелейді. Әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауы тиіс. Біздің міндетіміз – жастарды отансүйгіштік сезімі мен біздің елімізге деген мақтаныш сезіміне, оның бай тарихы мен ұлы тұлғаларына тәрбиелеу, – деді облыс басшысы.
Мемлекеттік рәміздер күні бес ерікті Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың арасында Аян Құдайбергенов пен Анастасия Савенко бар, олар қарттар мен жалғыз басты аналарға көмектеседі; Аяжан Орынбек, қазақ тілін насихаттаушы; Ержан Рахметов, жануарларға көмек көрсетумен айналысады; Есірткіге қарсы және экологиялық бастамаларға қатысатын Шарлин Калел.
– Бүгін айтулы күн – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні! Осындай форумға қатысу – біз үшін қуаныш пен құрмет. Мен көптен бері еріктілік қызметпен айналысып келемін. Біз қарттарға, ардагерлерге және мұқтаж жандарға көмектесеміз. Түрлі экологиялық акциялар өткізіп жатырмыз, – дейді Шахтинск технологиялық колледжінің химия пәнінің оқытушысы және Еріктілер клубының үйлестірушісі Анастасия Савенко.
Сондай-ақ, колледждердің бес түлегі, түрлі халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары 100 мың теңгенің сертификаттарымен марапатталды.
– Бұл одан әрі даму үшін үлкен қолдау және ынталандыру. Әрі қарай да жеңістерге жеткім келеді, – деп бөлісті Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің түлегі, Шэньчжэнде өткен өнеркәсіптік дизайн бойынша халықаралық чемпионатта бірінші орын алған Виктор Репин.
Сондай-ақ, Мемлекеттік рәміздер күні 30 оқушы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қосылды.
Олар ант беріп, арнайы галстук алды.
– Мен осы ұйымның бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Бұл үлкен жауапкершілік, – деді 19-шы мектептің оқушысы Әмина Төлеуғали.
Мемлекеттік рәміздер күнімен этномәдени бірлестіктердің өкілдері де құттықтады.
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен! Бақыт, денсаулық және бейбіт аспан тілеймін! – деп «Казачья Вольница» этномәдени бірлестігінің мүшесі Владимир Маловик қарағандылықтарға ізгі ниетін білдірді.
Мерекелік шара жастар саясаты жөніндегі басқарманың қатысуымен өткен «Көк тудың желбірегені» флешмобымен және этномәдени бірлестіктердің солистері орындаған Ермек Хасанғалиевтің «Атамекен» әніне би ұжымдарының өнер көрсетуімен аяқталды.
Бүгін, 4 маусымда облыс бойынша Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акциялар, концерттер мен челлендждер жалғасуда.
Тұрғындар Мемлекеттік туды өз пәтерлерінің балкондарына орналастырады.