Түркістанда «Салтанат» би ансамблінің 70 жылдық мерейтойына орай «Би керуені» концерті өтеді

Түркістанда «Салтанат» би ансамблінің 70 жылдық мерейтойына орай «Би керуені» концерті өтеді

ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 70 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласында гастрольдік іс-сапармен келді. Өнер ұжымы сапар аясында «Би керуені» жобасы негізінде концерт өткізеді. Бұл туралы ҚР «Салтанат» би ансамблінің директоры Елубай Кенжеалиев мәлімдеді.

«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуанышбек Төлеген, бас балетмейстер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты, балетмейстер Талғат Ахметовтың қатысуымен мастер-класстар ұйымдастырылады. Шеберлік сағаттарында «Халық сахналық биі», «Қазіргі заманның қазақ биі» тақырыптарында арнайы дәріс беріледі. Дәріске қатысқан әр қатысушыға тегін сертификат табысталады. Концертте қазақтың әндері мен күйлері де шырқалады. Кеш қонақтары - ҚР Мәдениет қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айнязов және ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші Рахат Сарсенов арнайы өнер көрсететін болады»-деді өнер ұжымының басшысы.

Сондай-ақ, брифинг барысында ҚР «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген сахнада орындалатын билердің түрлері туралы баяндады.

«Жетпіс жылдық тарихы бар ансамбльдің репертуарында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің билері бар. Концерттік бағдарламада әлем халықтарының билері және қазақтың ұлттық билері ұсынылады. Орыс, ұйғыр, татар, кәріс, қытай, өзбек, тәжік, моңғол және тағы басқа ұлттардың би қойылымдарын және әр елдің салт-дәстүрін, мәдениетін көрермендер тамашалай алады»-деді спикер

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биыл маусымда 2025 жылғы маусым айында Республикасы бойынша Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы...