Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары

Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары

Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде адамдардың зиянды әрекеттері салдарынан жойылып кету қаупі төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау өзекті мәселе екенін ерекше атап өтіп, Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жоғарыда атап өткен тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (Академия)  2025 жылдың 5 маусымында эколог күніне арналған «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форум өткізді.

Форум жұмысын Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Күрішбаев аша отырып, өз сөзінде, Орталық Азиядағы биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша Академияның ұстанымын айтып онымен байланысты тәуекелдерді басқаруға бағытталған ғылыми негізделген нақты шараларды ұсынды.

Іс-шарада ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев өз баяндамаларында биологиялық әртүрлілікті сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің, жерді тұрақты пайдаланудың және өңіраралық ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, табиғатты қорғаудың ғылыми-тәжірибелік негізін нығайту, трансшекаралық экологиялық бастамаларды дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірінің бірегей экожүйелерін ұзақ мерзімді қорғауға бағытталған Биологиялық әртүрлілік қорын қоса алғанда, жаңа қаржылық және институционалдық тетіктерді қалыптастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Форумға сонымен қатар БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ФАО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары, Ресей, Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және басқа елдердің жетекші шетелдік ғалымдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жас ғалымдар, Қазақстанның экология және табиғатты қорғау саласындағы мамандары қатысты.

Форум аясындағы көрмеде көпфункционалды мобильді SIGMA кешені (кеңістіктік мониторинг пен геotalдау жүйесі) таныстырылды - бұл табиғи және антропогендік үдерістерді кеңістіктік-уақыттық талдау үшін арналған цифрлық платформа. Ол экология, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, климат, биологиялық әртүрлілік және басқа да салалардағы мониторинг пен болжауға арналған.

Форум биологиялық әртүрлілікті сақтау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми зерттеулер мен білім беру бастамаларын қолдау ісінде мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру жолындағы маңызды қадам болды.

Халықаралық форумның қорытындысы бойынша бүгінгі талқылау барысында ұсынылған негізгі ұсыныстар, бастамалар мен биологиялық әртүрлілік мәселелерін шешу жолдары қамтылатын қарар әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биыл маусымда 2025 жылғы маусым айында Республикасы бойынша Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы...