Химия пәнінен пәндік терминологиясын ағылшынша меңгертудің тиімді тәсілдерін игерген мұғалім

Химия пәнінен пәндік терминологиясын ағылшынша меңгертудің тиімді тәсілдерін игерген мұғалім

Шакирова Асия Мунавирқызы Жаратылыстану бағытындағы биология және химия пәндерін оқытуда кәсіби шеберлігін шыңдап, әріптестеріне үлгі болып жүрген ұстаздардың бірі.
Жаратылыстану-математика бағытындағы химия пәнінен үш тілде білім беру курстарына үздіксіз қатысып, А1,А2,В1 деңгейінен В2 деңгейіне дейінгі біліктілігін арттырды. Химия пәнінен пәндік терминологиясын ағылшынша меңгертудің тиімді тәсілдерін игереді, іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда педагогикалық ізденіс, жаңа серпінмен ұстаздық қызметін мүлтіксіз атқарып келеді.
Асия Мунавирқызы кәсіби біліктілігін шыңдап, іздемпаздығы мен жаңашылдығының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Заманауи ағымға сай өмірлік тәжірибесі мен білімін ұтымды қолдана білген оны сабақтары қызықты, балаға тартымды әрі сапалы тұрғыда өтеді. Ұстаздық қызметін 30 жылдан астам уақыт бойы адал әрі табанды атқарып келеді. Ол А.Байтұрсынұлының «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» дегенін өзінің ұстаздық ұстанымы етіп алған.
Асия Мунавирқызының педагогикалық қызметі білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Оның әр сабағы тек тақырыпты түсіндірумен шектелмей, оқушылардың ойлау қабілетін, зерттеу дағдыларын, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сабақ барысында ғылыми жобаларға, тәжірибелік жұмыстарға ерекше мән беріп, оқушылардың қызығушылығын арттыруға үлкен күш салады.
Асия Мұнавирқызы – жас мамандарға бағыт-бағдар көрсетіп, өз тәжірибесін бөлісіп жүретін тәлімгер-ұстаз. Ол әдістемелік семинарлар мен ашық сабақтар ұйымдастырып, педагогикалық қауымдастық ішінде беделге ие. Әріптестері оның ізденімпаздығын, жаңашылдығын және кәсібіне деген шынайы сүйіспеншілігін жоғары бағалайды.
Оның көпжылдық еңбегі нәтижесінде тәрбиеленіп шыққан шәкірттері бүгінде еліміздің әртүрлі салаларында табысты еңбек етіп жүр. Олар ұстазын мақтан тұтып, өмірлік бағыт алған тұлға ретінде бағалайды. Ұстаздың шынайы мақтанышы – оқушысының жетістігі десек, Асия Мұнавирқызы үшін бұл – күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі.
Мұндай ұстаздар – білім беру саласының алтын діңгегі. Асия Мұнавирқызының табандылығы, еңбекқорлығы және заманауи педагогикалық әдістерді шебер меңгеруі Шымкент қаласының әлеуметтік-демографиялық даму бағытындағы адами капиталды нығайтуға қосылып жатқан маңызды үлес екені сөзсіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...