Алматыда жастар арасында адалдық пен тәртіпті дамытуға бағытталған спорттық іс-шара өтті

Алматыда жастар арасында адалдық пен тәртіпті дамытуға бағытталған спорттық іс-шара өтті

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң мен тәртіп» идеологиялық нарративі аясында «UWW грэпплинг спорттық күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп спорттық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға 400-ге жуық жас спортшы – балалар мен жасөспірімдер қатысты.
Аталған шара бұқаралық спортты дамытумен қатар, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында негізгі адамгершілік қағидаттарды қалыптастыруға бағытталды. Спорт – бұл тек физикалық шынығу ғана емес, сонымен бірге ішкі тұрақтылықты, рухтың күшін, адалдықты және жауапкершілік сезімін тәрбиелеудің қуатты құралы.
Іс-шара барысында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов қатысушыларға: күш үстемдік үшін емес, қорғау үшін қажет — Отанды, отбасын, әлсіздер мен көмекке мұқтаждарды қорғау үшін қажет екенін атап өтті. Спорт — бұл агрессия емес, бұл — өзін-өзі бақылау. Бұл жолда физикалық жағынан мықты емес, тәртіпті, адал және моральдық тұрғыдан төзімді адам жеңіске жетеді.


Іс-шара соңында жарыс ұйымдастырушыларына, жаттықтырушыларға және белсенді қатысқан жас спортшыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл – жарысты ұйымдастыруға қосқан үлесі, бастамашылдығы, адал күрес рухына беріктігі мен өз қатарластарына үлгі бола білгені үшін берілген марапат. Бұл – әділетті және тұрақты қоғам құра алатын ұрпақты тәрбиелеуге қосылған ортақ үлес.
Ата-аналарға да ерекше алғыс білдірілді – балаларын тәрбиелеуге, оларға уақытын, күш-жігері мен қаражатын арнағандары үшін. Себебі болашақтың іргетасы – отбасында қаланады.
Іс-шараға балалар үйінен келген тәрбиеленушілердің қатысуы ерекше мәнге ие болды. Мұндай шаралар олар үшін – өздерінің маңыздылығын сезініп, өз күшіне сенуге және ішкі әлеуетін ашуға үлкен мүмкіндік.
Бұл оқиға жай ғана спорттық жарыстар жиынтығы емес, жаңа буынның мінезі қалай қалыптасатынын көрсеткен жарқын мысал болды. Тәртіп, адалдық, құрмет, дамуға ұмтылу және заңға бағыну – бұл қасиеттер спортта да, өмірде де бірдей маңызды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады, деп...

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...