Шымкентте ерікті жастар басқосты

Шымкентте ерікті жастар басқосты

Шымкент ерікті жастарға арналған ерекше семинар-тренинг өтті. Оны «Birgemiz: Sabaqtastyq» жобасы аясында қолға алынып, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, жаңа ортаға бейімделуіне және волонтерліктің негізгі қағидаларымен танысуына ықпал ету үшін Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Семинар-тренингте жастар психологиялық бағыттағы сергіту ойындарына қатысып, арт-терапия әдісі арқылы өздерінің ішкі жан дүниесін шығармашылықпен жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл өз кезегінде жастардың өзін-өзі тануына, эмоциялық тұрақтылығын нығайтуға және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты.

Шымкент қаласы бойынша аймақтық волонтерлік фронт-офистің жетекшісі Қайыржан Бөгенбай шараға арнайы қатысып, жастармен еркін пікір алмасып, волонтерліктің маңызы мен артықшылықтары туралы ой бөлісті. Оның айтуынша, волонтерлік қызмет – тек қоғамға қызмет қана емес, сонымен қатар жастардың жеке дамуына және өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне ықпал ететін құнды тәжірибе.

Сонымен қоса жастардың өзара байланысын нығайтып қана қоймай, еріктілік мәдениетін дамытуға серпін берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Форумға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Түркістан облысының прокуроры Мұрат...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельдже...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы...