Шымкент: жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері ашылды

Шымкент: жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері ашылды

Енді жергілікті тұрғындар Алматы, Астана қалаларына сабылмай алыс-жақын шетелдерге халықаралық Шымкент әуежайынан ұша алады. SCAT компаниясы тағы да бірнеше бағытқа әуе рейсін ашты. Жолаушылар Азия, Еуропа елдеріне тікелей қатынайды.

Халықаралық Шымкент әуежайынан 5 елдің 7 қаласына, яғни Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египетке тікелей рейспен ұшуға мүмкіндік бар. Алғашқы рейс Мюнхен мен Будапешт бағытына ұшады.

Әуе рейстерінің ашылуы Шымкентке келетін туристердің артуына тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда SCAT әуекомпаниясында 37 ұшақ бар. Оның 22-сі ішкі қатынасты қамтамасыз етсе, қалған 15 ұшақ шет мемлекеттерге қатынайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ