Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыс қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысан жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды қабылдауға әзір. Нысандағы атқарылып жатқан жұмыстармен Түркістан облысының БАҚ өкілдері шаһар аумағында өткен баспасөз-тур барысында танысты.

Жобаға сәйкес, білім ордасында екі спорт зал, кең көлемдегі акт залы, кітапхана, мәжіліс залдары, пәндік кабинеттер, зертханалар, шеберханалар мен коворкинг-аймақтар бар. Сонымен қатар, мектеп ауласында стандартқа сай футбол алаңы да салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған.

Сондай-ақ, қалаға қарасты Ақдала ауылында үлкен спорт кешені бой көтеруде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан бұл кешен — Ақдаладағы алғашқы спорттық нысан. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Биыл толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жалпы аумағы 371 шаршы метрден асатын кешен кең әрі жарық. Ішкі жабындысы сапалы материалдан жасалып, сыртқы қабырғалары жылу ұстайтын металл сайдингпен қапталуда. Онда медициналық пункт, киім ауыстыратын бөлмелер мен ішкі санитарлық тораптар қарастырылған. Спорт залы бір мезгілде 100-ден астам адамды қабылдай алады. Ауыл жастары енді волейбол, баскетбол, бокс, күрес, үстел теннисі мен гимнастика сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алмақ.

БАҚ өкілдері келесі кезекте Арыс қаласындағы «Барыс» шағын ауданындағы жеке инвестордың қолдауымен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешенімен танысты. Қазір онда 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жалпы ауданы 3348 шаршы метрді құрайтын бұл нысанды «Лидер-НС Строй» ЖШС салуда. Кешеннің алғашқы үйі биыл пайдалануға берілмек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Форумға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Түркістан облысының прокуроры Мұрат...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельдже...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы...