Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұстаз

Ұлттық құндылықты ұлықтаған ұстаз

Өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі маманы, педагог-зерттеуші Талиббаева Мавжуда Шадмановна – 34 жылдық еңбек жолында талай шәкірт тәрбиелеп, ұстаздықтың биік үлгісін көрсетіп келе жатқан білікті ұстаз.
Ташкент мемлекеттік университетінің түлегі қазіргі таңда №139 мектепте қызмет атқарады. Ізденімпаздығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында ол оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, сапалы білім беруге ерекше үлес қосып келеді.
Мавжуда Шадмановна – республикалық және қалалық байқаулардың жүлдегері, шәкірттері түрлі зияткерлік сайыстарда үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Сонымен қатар, ол – отбасының тірегі, ардақты ана, салиқалы әже.
Мавжуда Шадмановна – ұстаз болу мәртебесін абыроймен алып жүрген жан. Ол тек білім берумен шектелмей, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тілді терең меңгеруге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Өзбек тілі мен әдебиеті арқылы оқушыларды өз ұлтына деген құрметке, мәдени мұраны бағалауға баулып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Ұстаз сабақ барысында оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін, заманауи технологияларды тиімді қолдана отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттыруда. Ол оқушыларды топтық және жеке жұмыстарға, зерттеу тапсырмаларына белсене тарту арқылы олардың сыни ойлау, логикалық пайымдау және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Әріптестері арасында беделді, ата-аналар мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген Талиббаева Мавжуда Шадмановна жас мамандарға үлгі көрсетіп, тәжірибесін бөлісуден жалықпайтын тәлімгер ұстаз. Мектепішілік және қалалық әдістемелік іс-шараларда белсенділік танытып, педагогикалық қауымдастықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.
Оның шәкірттері республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен тіл байқауларында топ жарып, мектептің ғана емес, қаланың абыройын асқақтатып жүр. Бұл – ұстаздың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.
Осындай еңбекқор, ізденімпаз, жаңашыл ұстаздар – Шымкент қаласының білім саласының дамуына, сонымен қатар әлеуметтік-демографиялық ахуалына оң әсер етіп келе жатқан тұлғалар. Мавжуда Шадмановнаның ерен еңбегі мен адами қасиеті – өскелең ұрпақ үшін үлкен өнеге.
Ұстазымыздың еңбегі — ел болашағына қосылған зор үлес!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаппай егін жинау науқаны басталған сәттен күн тәртібіне шыққан негізгі мәселенің бірі – жаңа өнімді қабылдауға бос орындардың болуы. Осыған...

Шахтер күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандарын...