Өсербаев Наралы Раимбекұлы – Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет етіп жүрген тәжірибелі дәрігер, бірінші санатты нарколог маман.
Медицина саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады.
Еңбек жолын Арыс қалалық орталық ауруханасында терапевт болып бастаған Наралы Раимбекұлы уақыт өте келе наркология саласына бет бұрып, бірнеше маманданудан өтіп, психикалық денсаулық саласында мол тәжірибе жинақтады. 2003 жылдан бері бөлімше меңгерушісі ретінде ұжымды тиімді ұйымдастырып келеді.
Өз ісіне адал, сабырлы, кәсіби тұрғыда үнемі дамуға ұмтылатын Наралы Раимбекұлы – ұжым мен науқастар арасында беделге ие. Ішімдік пен нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық жұмыстар жүргізіп, сансыз жанға үміт пен өмір сыйлап келе жатқан ақ халатты абзал жан.
Наралы Раимбекұлы – тек білікті дәрігер ғана емес, психологиялық қолдау мен адамгершілік тұрғыдан науқастарға үміт сыйлай білетін рухани тірек. Оның басты ұстанымы – әрбір адамның өмірге қайта оралуына көмектесу, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу. Наркологиялық қызметтің күрделі әрі жауапты саласында еңбек ете жүріп, ол науқастармен тығыз байланыс орнатуға, сенімді қарым-қатынас құруға ерекше мән береді. Бұл тәсіл емделушілердің оңалуына тікелей әсер етеді.
Өзінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында Наралы Раимбекұлы үнемі республикалық және аймақтық семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, саладағы жаңашылдықтарды тәжірибеге енгізіп отырады. Оның басшылығымен бөлімшеде емдеу-сауықтыру ісі жолға қойылып, әр науқастың жеке жағдайына бейімделген әдістер қолданылады.
Сонымен қатар, дәрігер жастармен де белсенді жұмыс жүргізіп, мектептер мен колледждерде зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында дәрістер мен кездесулер өткізеді. Бұл — болашақ ұрпақты салауатты өмір салтына баулудың маңызды қадамы. Наралы Раимбекұлының осындай ағартушылық жұмыстары қала тұрғындарының арасында да үлкен қолдауға ие.
Оның кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Осындай жанашыр мамандардың арқасында Шымкент қаласының әлеуметтік-демографиялық дамуы тұрақты сипат алып, қоғамда мейірім мен сенім салтанат құрып келеді. Наралы Раимбекұлы – нағыз еңбек адамының, ақ халатты абзал жанның үлгісі.
Антына адал ақ халатты абзал жан
