ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытай экспорт-импорт банкінің басшылығымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытай экспорт-импорт банкінің басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға байланысты бірқатар мәселені, сондай-ақ Қазақстан аумағында бірлескен инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Қытай экспорт-импорт банкінің көлік-логистикалық және өзге де инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі инвестициялық бастамаларды қаржыландыруға одан әрі қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Чэнь Хуайюй Қытай тарапының өзара мүдделерге жауап беретін және Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр аталған жобаларды жүзеге асыру Қазақстан – Қытай ынтымақтастығын кеңейтуде маңызды фактор болатынына және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу...