Бастаманың мақсаты – еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында ашылады:
- Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары;
- Отбасын жоспарлау орталықтары;
- Жүктілікті көтере алмауға арналған кабинеттері;
- Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді басқаруға арналған кабинеттер;
- Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері.
Негізгі нәтижелер мен жетістіктер:
- Қазақстандағы жүкті әйелдердің 99%-ы босанғанға дейінгі бақылаумен қамтылған
- Үш жылдың ішінде пренаталдық скринингпен қамту 8%-ға өсті, бұл:
- ұрықтың дамуындағы 7000 нан астам бұзылуларды анықтау;
- өмірге сәйкес келмейтін ақаулары бар 2000-нан астам баланың туылуына жол бермеу.
Туа біткен кемістіктерді ерте анықтаудың қолжетімділігін арттыру үшін 16 перинаталдық орталықта бір күндік клиникалар ұйымдастырылды, онда 100 000-ға жуық жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті, 500 000-нан астам медициналық қызмет көрсетілді.
2024 жылы алғаш рет «Феталдық медицина» жобасы басталды:
- ұрыққа 55 жатырішілік операция жасалды
- 86 болашақ жаңа туған нәрестенің өмірі сақталды
- 25 әйел егіздермен бірге қауіпсіз босанды
Ағзаны сақтау операцияларының саны 20%-ға артты – 2000-ға жуық әйелдің бала туу ағзасы сақталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 Облыстық перинаталдық орталықты жаңарту бойынша мастер-жоспарларды бекітті:
- жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін аудандарға бару үшін көпбейінді мобилдік топтар құрылды;
- телемедицина, онлайн-тексеру және қашықтықтан консультациялар дамуда.