«Заң және тәртіп» апталығы аясында өткен мерекелік іс-шараға құқық қорғау құрылымдарының басшылары, Ішкі істер министрлігінің жеке құрамы, ардагерлер, сондай-ақ азаматтарды құтқару үшін өмірін құрбан еткен полиция қызметкерлерінің жақындары қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Концертте отандық өнер шеберлерінің шығармалары ұсынылды. Кәсіби міндетін орындау кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін еске алған реквием көпшіліктің көңілін қозғады.
«Жас сақшы» полиция сыныбы оқушыларының орындауындағы ән де ерекше жылы әсер қалдырды.