Серікова Ләйла Ергешқызы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2004 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Анатомия-физиология пәндері бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Педагог-зерттеуші» кәсіби санатына ие.
Білімі:
- 1997 ж. – Шымкент медицина колледжі, «Мейірбике ісі» мамандығы;
- 2003 ж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, «Педиатрия» мамандығы;
- 2004 ж. – Шымкент қаласындағы №6 балалар ауруханасында интернатураны аяқтаған.
Еңбек жолы:
- 2004 ж. – Шымкент медицина колледжіне арнайы пәндер оқытушысы ретінде қабылданды;
- 2005 ж. – Анатомия және физиология пәндері бірлестігінің төрайымы;
- 2017 ж. – «Емдеу ісі» бөлімі меңгерушісі;
- 2019 ж. – Анатомия-физиология пәндері ЦӘК төрайымы қызметін атқаруда;
- 2023 ж. – «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілді.
Авторлық жұмысы:
- «Анатомия (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама)» электронды оқу құралының авторы.
Ол – болашақ медицина мамандарын даярлауда сапалы білім беруге, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс атқарып жүрген білікті педагог. Көпжылдық тәжірибесінің нәтижесінде халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын дайындаған.
Жетістіктері:
- 2023 ж. – Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырған «Анатомия және физиология үздігі – 2023» республикалық байқауында «ATLAS» тобына жетекшілік жасап, бас жүлдеге ие болды;
- 2018 ж. – ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған;
- 2020 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Серікова Ләйла Ергешқызы – жаңашыл, ізденімпаз, кәсіби құзыреті жоғары, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген педагог.
Серікова Ләйла Ергешқызы – тек білім беруші ғана емес, болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби тұлғасын қалыптастыруға ықпал етуші шынайы тәлімгер. Ол әр студенттің қабілетіне жекелей қарап, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсетіп келеді. Заманауи оқыту технологияларын меңгеріп, сабақты интерактивті әдістермен өткізуді тәжірибеге енгізіп жүр. Бұл білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасының жоғары болуына ықпал етеді.
Ләйла Ергешқызы педагогикалық қызметімен қатар, әдістемелік жұмыстарға да белсенді араласады. Авторлық оқу құралы оқу процесіне оң әсер етіп, өзге ұстаздарға да әдістемелік көмек құралы ретінде қолданылады. Ол – ұстаздықтың жауапкершілігін терең түсінетін, жаңашылдыққа жаны құмар маман.
Оның кәсіби біліктілігі мен еңбегі – Шымкент қаласының медицина саласындағы білім беру сапасын арттыруға қосылып жатқан маңызды үлес.
Сапалы білім мен медициналық кадрларды даярдаудағы үлесі зор тәжірибелі маман
