Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады

Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады

НИНБО, Қытай Халық Республикасы, 2025 жылғы 27 маусым — Екіжақты ынтымақтастықты тереңдету аясында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Қытай Халық Республикасының Ұлттық энергетикалық басқармасы басшысының орынбасары Жэнь Цзиндунмен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің Бесінші кеңесінің қорытындыларын талқылады. ШЫҰ аясында энергетиканың қазіргі жай-күйі мен орнықты дамуының келешегі атап өтіліп, энергетикалық қауіпсіздік, энергетикалық инфрақұрылымды қорғау, инвестициялық өзара іс-қимыл және әділетті энергетикалық көшу сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы айтылды.

Делегация басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің энергетиканы орнықты дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемесінің жобасын мақұлдап, оны белгіленген тәртіппен қарауға ұсынуды ұсынды, сондай-ақ Қазақстан тарапынан ұсынылған 2030 жылға дейінгі Энергетикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жөніндегі Жол картасы жобасы бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Министрлер кеңесінің көпжақты өзара іс-қимыл үшін тиімді алаң ретіндегі рөлі ерекше аталып, Қытай тарапы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылық білдірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар төмендегі бағыттарда бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік бар екенін растады:

- «Жасыл» энергетика жобаларын дамыту және бірлескен R&D- орталықтарын құру;

- газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде өңдеу және экспорт;

- Қытайдың озық технологияларын энергетиканы цифрландыру мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге енгізу;

- Қытай қаржы институттарының қатысуымен инвестицияларды жандандыру;

- энергетикадағы реттеуші және экологиялық стандарттарды үйлестіру.

Кездесу соңында вице-министр Б. Ілияс жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу мен отын-энергетика кешенінің негізгі салаларындағы синергия Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді орнықты ынтымақтастықтың берік негізін қалайды деген сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Лигасы 14-Тур Ордабасы – Қайрат Күні: 29 маусым 2025 жыл Басталуы: 20:00 Стадион: Қажымұқан атындағы «Орталық стадион» Ел...