Қазақстан мен Моңғолия стратегиялық серіктестікті дамытуда

Қазақстан мен Моңғолия стратегиялық серіктестікті дамытуда

Ұлан-Батыр, 2025 жылғы 27 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға ресми сапары аясында осы елдің Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың қабылдауында болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында М.Нұртілеу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы тілектері мен ыстық сәлемін жеткізді.

Моңғолия Президенті Астананың Ұлан-Батыр үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, саяси диалогты одан әрі нығайтуға мүдделілік білдірді.

М.Нұртілеу Моңғолия Қазақстанмен ортақ тарихи тамырлармен, сондай-ақ рухани және мәдени жақындықпен байланысты сенімді әрі жақын көрші екенін мәлімдеді.

Тараптар биік және жоғары деңгейдегі, соның ішінде үкіметтік және парламентаралық сапарлармен алмасу жөнінде уағдаласты.

Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы бірлескен жұмыс талқыланды.

Сол күні Қазақстан СІМ басшысы Моңғолия Премьер-министрі Гомбожавын Занданшатармен де жеке кездесу өткізді.

Тараптар қазақ-моңғол ынтымақтастығын нығайтуға бейілділігін растады және көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және басқа да салалардағы өзара іс-қимылдың нақты жолдарын талқылады.

Қазақстан мен Моңғолия екіжақты тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына дейін жеткізуді көздеп отыр, бұл мақсатқа қазақстандық астық пен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайту арқылы қол жеткізілмек.

Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі мен машина жасау салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қозғалды. Қазақстан бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге және жоғары технологиялық өнім жеткізуге қызығушылық білдірді.

Мәдени-гуманитарлық салада Министр бірлескен жобаларды одан әрі ұлғайтуға қазақ тарапының әзір екенін білдірді.

Кездесулер соңында тараптар өзара мүдделі барлық бағыттар бойынша белсенді және өзара тиімді диалогқа дайын екенін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Лигасы 14-Тур Ордабасы – Қайрат Күні: 29 маусым 2025 жыл Басталуы: 20:00 Стадион: Қажымұқан атындағы «Орталық стадион» Ел...