Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында тараптар өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде машина жасау, құрылыс өнеркәсібі және бірлескен кәсіпорындарды дамытуды талқылады.
Сауда-экономикалық байланыстардың тұрақты дамуы және ынтымақтастықты кеңейтудің жоғары әлеуеті атап өтілді.
Үкіметаралық комиссия аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Әріптестікті одан әрі нығайту және өнеркәсіп саласында өзара тиімді бастамаларды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.